«Достық» қонақ үйі болмысының ұзақ тарихына ие болып қана қоймай, 5 жұлдызды қонақ үй атағына ие болған тұңғыш қазақстандық қонақ үй болып табылады.
Қонақ үй тарихы бір ұрпақ тарихымен салыстыруға болатындай 1983 жылдан басталады. Құрылуының бірінші күнінен бастап «Достық» жоғары лауазымды тұлғаларды, шет мемлекеттерінің елбасыларын, халықаралық ұйымдардың басшыларын күтіп алу орнына айналған.
Ғимараты сәулетші Ратушный Ю.Г. жеке дизайнерлік жобасы бойынша конструкцияланып, жоғары сапалы материалдармен жабдықталған. Сом бағандар, биік төбелер, тар дәліздер, кең холлдар мен бөлмелер қонақ үйдің ерекше сипаттары болып табылады. 1980-жылдардың аяғында «Достық» қонақ үйі Алматы қаласының құрылыс пен сәулеттің қорғалатын нысандар тізіміне кірген.
1991 жылы «Достық» атауы Қазақстандық-Американдық бірлескен кәсіпорынға өзгертіліп, соған байланысты ғимарат реконструкцияланған. Интерьерлері американдық дизайнерлермен әзірленіп, қонақ үй қызметкерлері Аризона шатындағы Тюссон қаласында жаттықтырудан өтті.
1999-2006 ж.ж. аралығында кәсіпорынды басқару құрылымын қайта құру жүзеге асырылып, жаңа департаменттер мен жаңа қызметтер енгізілді, нәтижесінде қонақ үйге шетелдік компаниялардың, елшіліктердің өкілдерінің, белгілі зерттеушілердің және көптеген өзгелердің сүйіспеншілігі мен арасындағы танымалдылыққа қол жетті.
2007 бастап, 2009 жылға дейінгі аралықта қонақ үй толықтай реконструкцияланып, 5 жұлдыз санатына ие болды. Ғимарат кеңес индустриализмі гүлдеу дәуірінің сәулет ескерткішінің сыртқы көрінісін сақтап қалып, қонақ үйдің 72 бөлмесі еуропалық минимализм стилінде өңделген. Қонақ үй аумағында жеке жабық хауызы, сауналары, джакузи, тренажер залдары мен массаж бөлмелері бар СПА орталық салынған. 2009 жылы «ХХІ ғасыр көшбасшылары» Еуропалық Бизнес Ассамблеясында «Достық» қонақ үйі «Жоғарғы сынама» халықаралық сапа белгісіне ие болды. Жаңа интерьер мен қонақ үй көрсететін жаңа қызметтер және қонақ үйдің ұзақ тарихы сол 2009 жылы «Достық» қонақ үйіне «ХХ ғасыр соңы сәулет ескерткіші» атағының берілуіне септігін тигізді.
Ең жақсы дәстүрлерді сақтай отырып, бойында өткеннің демі бар қонақ үй бүгінде бесінші жұлдызымен қатар жаңа мазмұнға да ие болды, аты аңызға айналған «Достық» шаңырағының астында ХХІ ғасырдың жайлы интерьерін ұсынады. Сыртында зәулім әлі сом «Достық» қонақ үйі, интерьерінде еуразиялық дала рухын – кеңшілікті, ашық жүректік пен жомарттықты кейіптейтіндей.
«Достық» - беделді жердегі беделді қонақ үй.
«Достық» - Қазақстан оңтүстік бас қаласы тәжіндегі маржан.
|